2025 жылдың 15 ақпанында Достық үйінде Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Философия және психология факультетінің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "Қазақстандағы этномедиацияны дамыту тарихы, теориясы мен практикасы" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ университетіміздің студенттері қатысты.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Философия және психология факультетінің деканы А. Д. Макатова пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында этномедиацияның өзекті мәселелері, оның қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі, этноәлеуметтенудің психологиялық аспектілері, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық диалогты дамыту перспективалары талқыланды.Дөңгелек үстел этносаралық өзара іс-қимыл саласындағы тиімді шешімдерді табу үшін түрлі сала мамандарын біріктіретін нәтижелі пікір алмасу алаңына айналды.