ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖОО студенттерінің қызметін сындарлы бағалау

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында 2023 жылдың 3 мамырында қосымша білім беру кафедрасының желілік жұмыс кестесіне сәйкес «ЖОО студенттерінің қызметін сындарлы бағалау» тақырыбында бір күндік семинар өткізді.

Семинарға педагогика факультетінің жас оқытушылары мен магистранттары қатысты. Семинар модераторы педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Досова Л.А.

Семинардың мақсаты – тиімді оқыту үшін критериалды бағалау жүйесінің мәні мен маңыздылығын ашу; бағалау критерийлерін әзірлеу дағдыларын қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы, критериалды бағалаудың принциптері, мақсаты мен міндеттері, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әртүрлі тәсілдері сияқты теориялық мәселелер қарастырылады. Семинардың практикалық бөлімінде тыңдаушылар ұсынылған тақырыптар бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторларын дербес әзірледі.

Семинар тыңдаушыларды критериалды бағалау жүйесін тәжірибеде жүзеге асыруға үйретуге ықпал етті.