2023 жылдың 24 мамырында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Қазан федералдық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған IFTE-2023 «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім беру сапасы» атты педагогикалық білім беру жөніндегі ІХ халықаралық форум болып өтті.
Аталмыш форум психологиялық-педагогикалық білімнің теоретиктері мен практиктері педагогика дамуының өзекті мәселелері мен тенденцияларын талқылайтын алаң болды.
Форум бағдарламасына сай пленарлық жұмыс онлайн, оффлайн түрінде дәстүрлі баяндама оқу түрінде болса секциялық жұмыстар телемост, зерттеу топтарының мәжіліс құруы, мастер-класс форматында өтті.
Форумға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия» РММ, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті және т.б. білім беру ұйымдары қатысты.
Форумда «Арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы маман даярлаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері», «Педагогты оқытудың жобалық технологиясының әдістемелік жүйесі», «Болашақ педагогтың әдістемелік капиталын дамыту: академиялық тәлімгерлік және табысты білім беру тәжірибесі» тақырыптары аясында ғылыми баяндамалар оқылды.
IFTE-2023 форумының негізгі спикерлерінің қатарында белгілі шетелдік және қазақстандық ғалымдар болды. Атап айтқанда:
– Шеймарданов Шамиль Фатович, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚФУ ПБИ директордың ғылыми қызмет жөніндегі орынбасары (Қазан қ., Ресей) https://kpfu.ru/;
– Ян Данек, PhD, Коменский университетінің профессоры (Братислава қ., Словакия) https://uniba.sk/;
– Шишов Сергей Евгеньевич, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік-гуманитарлық технологиялар факультетінің ғылыми жетекшісі, К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінің «Кәсіптік білім беру педагогикасы және психологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей) https://mgutm.ru/;
– Гау Kaтарина, бастауыш сынып оқушыларына оқу-терапевтік көмек көрсету тобының жетекшісі, ювеналды әділетпен келісімшарт бойынша қызметтегі әлеуметтік педагог (Вильхелмсхафен қ., Германия);
– Касымова Лаура Сериковна, PhD, психометрист, Toronto Psychological Services and Research Center (Торонто қ., Канада);
– Шеститко Ирина Владимировна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Минск қ., Беларусь Республикасы) https://bspu.by/;
– Золотарева Лариса Романовна, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының құрметті профессоры, Қазақстан ҚПғА академигі, ҚР өнер академиясының академигі; Қазақстанның білім беру үздігі, КНФ ЮНЕСКО мүшесі (Қарағанды қ., Қазақстан);
– Полупан Ксения Леонидовна, педагогика ғылымдарының докторы, «Білім және гуманитарлық ғылымдар институты» білім беру-ғылыми кластерінің профессоры, Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университетінің кампусы директорының орынбасары (Калининград қ., Ресей) https://kantiana.ru/;
– Абдыракунова Жулдыз Саттаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, К. Карасаева атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің педагогикалық білім беру факультетінің бастауыш, мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі (Бишкек қ., Қырғызстан) https://www.bhu.kg/;
–Ибашова Альмира Байдабекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доцентінің міндетін атқарушы) https://okmpu.edu.kz/ru;
– Смолькина Татьяна Петровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Минск қ., Беларусь Республикасы), қосымша баяндамашы: Ясинская Людмила Сергеевна, БМУ информатика және радиоэлектроника халықаралық рейтингтерде жылжыту секторының маманы, БМПУ магистранты (Минск қ., Беларусь Республикасы) https://bspu.by/