2023 жылғы 30-31 наурыз аралығында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша ІV Халықаралық қашықтық олимпиадаға қатысуға шақырады.
29 наурызға дейін қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына белгіленген қалып бойынша өтінім жіберуі қажет: rdgb_olympics_ksu@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін. Олимпиадаға 3 адамнан тұратын командалар қатыса алады.
Бірінші кезең «Айдентика» – команда қонақ үйдің/мейрамхананың тұжырымдамалық жоспарын және фирмалық стилін (логотип, веб-сайттың макеті, маңдайша, интерьер, мәзір (мейрамхана), қызмет көрсету каталогы (қонақ үй)) әзірлейді. Жұмыс Microsoft PowerPoint мультимедиялық презентациясында құрастырылып, ұйымдастыру комитетінің rdgb_olympics_ksu@mail.ru электрондық поштасына 2023 жылдың 30 наурызына дейін (Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін) жіберіледі.
Екінші кезең «Бейнеролик» – сараптамалық комиссия тобына жұмыстарды қарауға ұсынуы. Бейнеролик 2023 жылғы 31 наурызына дейін Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: rdgb_olympics_ksu@mail.ru. Хатта ЖОО атауы және бейнеролик атауы көрсетілуі керек.
Олимпиада келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар қашықтықтан өтетін халықаралық олимпиада туралы ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: rdgb_olympics_ksu@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).