2022 жылдың 21-22 сәуірінде "6b03103-саясаттану"білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушысы саясаттану және әлеуметтану кафедрасы болды.
Олимпиаданың мақсаты - студенттердің оқу-танымдық және зерттеу қызметін ынталандыру; олардың шығармашылық қабілеттерін ашу; ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту.
Олимпиаданың екінші кезеңіне Қазақстан Республикасының 5 университетінен 6 команда қатысты.
Олимпиаданың ресми ашылуы 2022 жылдың 21 сәуірінде 8 оқу корпусының 13 дәрісханасында өтті. Олимпиада қатысушыларына Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, з.ғ. д., профессор Н. О. Дулатбеков, философия және психология факультетінің деканы, PhD докторы А. А. Бейсенова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Олимпиада бағдарламасына 4 тур енгізілді, оның ішінде екі тур - үй тапсырмасы аясында.
Олимпиаданың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін әр конкурс бойынша командалық нәтижелер жарияланды. Командалар төрт тур аясында алған жалпы ұпайларға сәйкес жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті командасының «Саясаттанушы және қазіргі қоғам» бейнеролигі шығармашылық тәсілдемесі және тапсырманы дайындау кезіндегі өзіндік ойлауы үшін профессор К. Н. Бурханов қорының сыйлығымен марапатталды.
Қазылар алқасы олимпиада қатысушыларының жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Олимпиада саясаттану саласында білім мен практикалық дағдыларды креативті қолдануда студенттердің шығармашылық сайысына бағытталған гуманитарлық технология ретінде орын алды.
Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Т.З. Жүсіпбек олимпиадаға қатысушыларды құттықтап, қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде жастар саяси қауымдастығының рөлі артып келе жатқанын атап өтті, шығармашылық табыс, кәсіби өзін-өзі танытуға тілек білдіріп, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Олимпиадаға қатысушылар Академик Е.А. Бөкетов атындағы университеттің мұражайына барып, Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына (Карлаг мұражайы) экскурсия жасады.