2023 жылғы 20-21 сәуірде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің базасында 6В02204 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің 85 жылдығына арналған ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының 11 жоғары оқу орнынан құрамында 47 студент және 16 жетекшісі бар 12 команда өтініш берді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, неғұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту; білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми қызметке, сондай-ақ команданы қалыптастыру үшін республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға қызығушылықты дамыту.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Республикалық олимпиада 4 тур бойынша өткізілді:
I тур «Сәлемдесу» деп аталды, онда әр команда өз аймағын, университетін және командасын таныстыруы керек болды. II турда командалар «Қазақ-жоңғар соғыстарының тарихына. Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама» атты тақырып бойынша ғылыми жоба қорғады. III тур капитандар конкурсынан және зияткерлік тапсырмалардан тұрды, онда студенттер тарихи ескерткіштер, тұлғалар, дереккөздер және т.б. бойынша өз білімдерін көрсетті. IV тур – тестілеу болды.
Олимпиаданы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Сыздықов Мейіржан Жәкенұлы және аталған универсиеттің тарих факультетінің деканы., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Д. А. Джумабеков салтанатты түрде ашып, өз лебіздерін білдірді.
Бағдарламаға сәйкес олимпиаданың І-ІІІ турлары 20 сәуірде өтсе, IVтур 21 сәуірде өткізілді.
Олимпиаданың қорытындыларына сәйкес жүлделі орындарға төмендегі командалар ие болды:
1 орын:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Күлтегін» командасы, Астана қ.
2 орын:
– Астана халықаралық университетінің «ЕСІЛ» командасы, Астана қ.;
–әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «КЛИО» командасы, Алматы қ.
3 орын:
– А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік универсиетінің «Baitursynovteam» командасы, Қостанай қ.;
–М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан универсиетінің «АқЖайық» командасы, Орал қ.;
– К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиетінің «Жұбановшылар» командасы, Актөбе қ.
Сонымен қатар командалар келесі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды:
–«Үздік креативтік команда» номинациясы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсиетінің «Шырақ» командасы, Алматы қ.;
–«Үздік шығармашыл команда» номинациясы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Жерұйық» командасы, Алматы қ.;
–«Үздік зияткерлік команда» номинациясы – Торайғыров университетінің «Yertys generation» командасы, Павлодар қ.;
–«Үздік зерттеуші команда» номинациясы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиетінің «Шоқан жұлдыздары» командасы.
Осылайша, 6В02204– «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша ХV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізу барысында олимпиаданы өткізу ережелері қатаң сақталып өткізілді. Олимпиада өз деңгейінде өтті.