2023 жылғы 27-28 сәуірде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің базасында «Қазақ» газетінің 110-жылдығына арналған «Қазақ» газеті және ұлттық тарих» атты 6В01601 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша XІV республикалық пәндік студенттік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының түгелге жуық жоғары оқу орындары атынан 16 команда келіп қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: Жоғары білім беру ұйымдары студенттерінің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, академиялық немесе кәсіби мансабын жалғастыруға бағытталған дарынды студенттер мен білім беру ұйымдарының түлектерін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Олимпиаданы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жүсіпбек Талғат Зыпарбекұлы және аталған универсиеттің тарих факультетінің деканы., т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Д. А. Джумабеков салтанатты түрде ашып, өз лебіздерін білдірді.
Олимпиаданың қорытындыларына сәйкес жүлделі орындарға төмендегі командалар ие болды:
1 орын:
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «MUnar» тобы, Орал қ.
2 орын:
– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «SHYM QALA» тобы, Шымкент қ.;
– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты «Зерде» тобы, Алматы қ.
3 орын:
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Томирис» тобы, Алматы қ.;
– Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты «Торғай ұландары» тобы, Арқалық қ.;
– А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Тобыл ойшылы» тобы, Қостанай қ.
Осылайша, 6В01601– «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша ХІV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізу барысында олимпиаданы өткізу ережелері қатаң сақталып өткізілді. Олимпиада өз деңгейінде өтті.