Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,
21 сәуір 2023 жыл
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті педагогикалық факультеттің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде «Көркем еңбек» және «Графика және жобалау» пәндері бойынша 11 сыныптар оқушылары арасында Облыстық олимпиада өткізеді.
Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беру мектептері мен көркемсурет мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, мектеп-интернаттардың 11 сынып оқушылары шақырылады.
Қатысу шарттары: Олимпиада екі турдан тұрады. I кезең (іріктеу бөлімі, мектепішілік) білім беру ұйымдарында өтеді. Олимпиаданың II кезеңі (финал) академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-інің педагогикалық факультетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде өткізіледі.
Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беру мектептері мен көркемсурет мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, мектеп-интернаттардың I кезеңен (іріктеу бөлімі, мектепішілік) өткен 11 сыныптар оқушылары шақырылады. Олимпиадаға, оқыту тіліне қарамастан, әр мектептен тек 5 оқушы қатыса алады («Көркем еңбек» бойынша 3 оқушы, «Графика және жобалау» бойынша 2 оқушы). Топ жетекшісінің болуы міндетті.
Олимпиада бір кезеңде өткізіледі:
«Көркем еңбек» пәні бойынша
«ВИЗУАЛДЫ ӨНЕР» бөлімі:
Әр қатысушы «Менің гүлденген Қазақстаным» – «Мой цветущий Казахстан» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы өзінің композициясын орындайды. Пішім өлшемі – А2 (420х594мм).
Ескерту: қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар - қағаз, картон, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қаламұш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).
«ДИЗАЙН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» бөлімі:
Әр қатысушы «Жеке тұрғын үй» – «Индивидуальный жилой дом» тақырыбына клаузура орындайды (қосымша 1).
Жобаның құрамы: жалпы көрінісі (перспективасы), бас жоспары, үйдің қасбеті, сол жақ көрінісі, жиһаздың орналасуы және дизайн жабдықтары, фрагменттері, масштабы, экспликациясы. Формат өлшемі - A2 (420x594мм).
Ескерту: қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар - әртүрлі графикалық қарындаштар, өшіргіш, қарындашты қайрау құралы, фломастерлер және т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).
«Сәндік қолданбалы өнер» бөлімі:
Әр қатысушы «Әлем халықтарының ертегілері» - «Сказки народов мира» тақырыбындағы сюжеттік стильдендірілген фигуралық композицияны орындау. Шағын мүсін мөлшері 15-20 см-ден аспауы керек.
Ескерту: қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар – пластилин, стектер, жұмыс киімі және т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).
«ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ» пәні бойынша:
Берілген фронталь тілігі мен үстінен көрінісінің габариттері бойынша заттың сызбасын (үстінен және сол жағынан көрінісімен толықтыру) орындау және алдыңғы ширегі алып тастап, тікбұрышты изометриялық аксонометриялық проекциясын тұрғызу. Қажетті өлшемдерін қою. Пішім өлшемі – А3 (297х420).
Материалдар: сызба құралдары (циркуль, түзу және үшбүрышты сызғыштар, қатты (Н) және орташа қаттылықтағы (НВ) қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш т.б.), пішім өлшемі А3 (297х420) ақ қағаз.
Облыстық олимпиада 2023 жылдың 21 сәуірінде сағат 10.00-де конкурс түрінде өткізіледі. Оған уақытында олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне өтініш берген оқу орындарырың командалары жіберіледі. Олимпиаданың өткізілу тілдері – қазақша, орысша.
Олимпиадаға қатысу үшін мектептің бірінші жетекшісі растаған өтініш (2 қосымша) 2023 жылдың 18 сәуірге дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100026, Қарағанды қ. Карбышев көшесі 7, педагогикалық факультет, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, 11 ғимарат, 205 кабинет; немесе ksu_dizain@mail.ru электронды поштасына жіберілсін.
Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қарастырылмайды.
Телефондар: Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы 8(7212)-35-14-20; 8-778-141-71-03.
Олимпиадаға қатысумен байланысты материалдарды, құралдар-жабдықтар мен шығындарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді және төлейді. Олимпиадаға қатысушыларды алып келетін мұғалімдер мен оқытушылардың іссапарлық шығындарынтөлеуді іссапарға жіберуші білім беру мекемелері жүргізеді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен оларға ілеспе құжаттар қайтарылмайды.
Олимпиада жеңімпаздар, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Қосымша 2
Оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Қаланың, ауданның, елді мекеннің, білім беру мекемесінің толық атауы
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» пәні бойынша оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына
қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай):
1. (Визуалды өнер)______________________________________________________________
2. (Дизайн және технология)_________________________________________________________
3. (Сәндік қолданбалы өнер)_________________________________________________________
Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы
___________________________________________________________________________________
«ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ» пәні бойынша оқушылардың Облыстық пәндік олимпиадасына
қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай):
1. ________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________
Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы
__________________________________________________________________________________
Почта байланысы үшін (пошта индексі көрсетілген ) мекен-жайы __________________________________________________________________________________
Телефондар (қала коды көрсетілен және мобильдік) _____________________________________
__________________________________________________________________________________
Электрондық мекен-жай, email:_______________________________________________________
Қосымша мәліметтер мен тілектер ____________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Ұйым жетекшісінің қолы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты
МО