2023 жылдың сәуір айының 13 және 14 жұлдызында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша студенттер арасында ІХ Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың өтетін орны: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, № 6 корпус (Химия факультеті), С. Мұқанов көш. 41, Қарағанды қаласы.
Қатысуға шақырылады: 5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығында оқитын 3-4 курстардың студенттері. Олимпиада Республикалық пәндік олимпиадалар шеңберінде болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатымен өткізіледі.Олимпиадаға оргкомитетке уақытысында өтінім берген командалар қатысады. Әрбір жоғары оқу орны 4 адамнан аспайтын 2 командаға дейін жібере алады. Олимпиаданың ашылуында командалар өздерін таныстыруы қажет (девиз, атауы).
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші теориялық кезең 13 сәуірде мамандық бойынша өткен 3 пәндер бойынша тестілеу түрінде өтеді (3 курс студенттері үшін: химия-фармацевтік өндірістің процесстері мен аппараттары, дайын дәрілік үлгілер технологиясы және биофармация, фармацевтикалық технология негіздері; 4 курс үшін: дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы, дайын дәрілік үлгілер технологиясы және биофармация, синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы). Екінші кезең 13 сәуірде мамандыққа сәйкес жобаны - үй жұмысын презентациялау түрінде өтеді (презентациялауға 5-7 минут уақыт беріледі).
Қатысушыларды тіркеу: 13 сәуірде - 9.00-10.00
Олимпиаданың өтетін уақыты: 13 сәуірде бірінші кезең 11.00-13.00 дейін.
13 сәуірде екінші кезең 14:00 -17:00 дейін
14 сәуірде 14.00-де олимпиаданың жабылу рәсімі.
Олимпиаданың жүргізілу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.
Қатысу үшін келесі мәліметтер қажет: 5 сәуірге дейін төмендегі форма бойынша мәлімдеме тапсырылуы керек:
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша өтетін студенттер арасындағы ІХ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу мәлімдемесі
- әрбір қатысушыға оқу орнынан алынған анықтама немесе оқу кітапшасының сканерден өткізілген копиясы.
Құжаттарды Олимпиаданың электрондық адресіне 2023 жылдың 5 сәуіріне дейін жіберу қажет.
e-mail: kenzhetaeva58@mail.ru
Ұйымдастырушы комитет және әділқазылар мүшелері Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ химия факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған.
Байланыс телефондары: 8(7212) 34-19-40. Олимпиадаға жауапты Кенжетаева Сауле Орынбаевна, 8-701-753-43-06.
Ұйымдастырушы комитет