ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау

Karaganda Buketov University  Сапаны қамтамасыз ету және тәуекелдерді бағалау департаменті 2022 жылғы 20 қыркүйек пен 14 қазан аралығында университеттің 12 факультетінде "Тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау" тақырыбында интерактивті семинар-тренингтер сериясын өткізді. Семинар-тренингтердің мақсаты университеттің бизнес-процестеріне тәуекел-менеджментті енгізу шеңберінде университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын тәуекелдерді басқару үдерісіне оқыту болды.

Семинар-тренингтерге 12 факультеттен барлығы 284 адам қатысты.

Семинар-тренингтерде университет қызметіндегі тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау мәселелері талқыланды. Оқытушылар тәуекел-менеджменттің негізгі терминдерімен және ұғымдарымен, анықталған тәуекелдерге жан-жақты талдау жүргізу үшін PESTLE-Analysis және т.б. әдістермен танысуға мүмкіндік алды. Семинар-тренингтерде Сапаны қамтамасыз ету және тәуекелдерді бағалау департаменті тәуекелдердің электрондық регистрін (Risk register template) ұсынды, құрылымдық бөлімшелердің тәуекелдерді басқару үдерістері бойынша нақты кейстерді мысал ретінде көрсетті.

Факультеттердің профессор-оқытушылар құрамы бұдан бұрын Сапаны қамтамасыз ету және тәуекелдерді бағалау департаменті жүргізген "Тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді анықтау мақсатында KBU профессор-оқытушылар құрамына арналған кешенді сауалнама" нәтижелерімен танысты. Семинар-тренингтер тікелей пікірталас формасында өтті, оқытушылар университет факультеттерінің бизнес-процестерінің тәуекелдері туралы өз пікірлерімен бөлісуге, өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.