ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

BUKETOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҮЙЛЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер үйлерінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бүгінгі күні № 1,3,4,5,6,7 жатақханаларда косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Барлық студенттік жатақханаларда төсек жабындарын ауа-бу немесе бу әдісімен өңдеу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта № 2 жатақханада ағымдағы косметикалық жөндеу, ал 2 блокта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сатып алу арқылы матрастары бар 270 кереует сатып алынды, сондай-ақ есік, шамдар ауыстырылып, жаңа линолеум төселді.

«Күрделі жөндеуден кейін жатақхана мүлдем басқа кейіпке енеді. Душ пен дәретхана бөлмелері жайлы болып, жаңа ас үйде тамақ әзірлеумен айналысу ыңғайлы болады», – дейді студенттер.

Жөндеу жұмыстарын Бөкетов университетінің әкімшілік-шаруашылық департаментінің қызметкерлері өз күштерімен жүргізіп жатқанын атап айту керек.

Жаңа оқу жылында Buketov University студенттері барлық жағдай жасалған, жаңадан жөнделіп, жаңартылған бөлмелерге орналасады.