ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бөкетов университеті блокчейн саласында әлемдегі ең ауқымды білім беру бастамасын іске қосады

2023 жылдан бастап Бөкетов университетінде Binance Academy-мен бірлесе отырып блокчейн-технологиялар бойынша мамандар дайындалады. Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бинұр Жаленов, сонымен қатар Binance Kazakhstan атынан Жасұлан Мәдиевпен академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 2023 жылы кейбір қазақстандық жоғары оқу орындарының базаларында блокчейн-технологиялар бойынша 40 мыңнан астам маман дайындалатын болады.

22 желтоқсанда Бөкетов университетінің ректор аппаратының басшысы С. Қалқаманов пен МжАТ факультетінің кафедра меңгерушісі А. Келдібекованың Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті (АҚШ), Назарбаев Университеті профессор-оқытушылар құрамымен және Астана HUB-тың жауапты тұлғасының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде тараптар блокчейн индустриясының мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар киберқауіпсіздік бойынша да кадрлар даярлауға қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Бөкетов университетінің негізінде киберқауіпсіздік бойынша жаңа мамандар даярлау 2023 оқу жылында басталады. Шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы жаңа мамандарды даярлауға қолдау білдірді.