2022ж. «13» мамыр күні философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Донецкая Н.А. «Дінтану мұражайы» базасында «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ маманы М.К.Абдрахманованың және «Қарағанды облысының дін істері басқармасы Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ маманы К.В.Метривелидың қатысуымен 6В02201 – «Философия» және 6В02202 – «Дінтану» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері арасында «Әлеуметтік желілерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында әңгіме ұйымдастырды.
Экстремистік бағыттағы ұйымдар деструктивті сипаттағы идеяларды тарату үшін «Интернет» желісін пайдаланатыны атап өтілді. Негізгі қауіп – экстремистік идеологияны тарату мақсатында жастардың санасына әсер ету әрекеті.
Әңгіме барысында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл нысандары, әлеуметтік желілерде діни экстремизмнің алдын алу әдістері туралы ақпарат берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы» қаулысының негізгі ережелеріне талдау жасалды.
«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ және «Қарағанды облысының дін істері басқармасының Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ жұмысы туралы бейнематериал көрсетілді.