ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ОБЛЫС ӘКІМІ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

2025 жылдың 17 сәуірі Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен академик Е.А.Бөкетовтің 100 жылдығы аясында университетке ат басын бұрды.Университет ректоры Н.О.Дулатбеков аймақ басшысымен кездесіп, оқу орнының жай-күйі туралы айтып берді. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында филология факультетінде жуырда ғана ашылған заманауи үлгідегі кітапхана жұмысымен танысты. Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл жаңа кітапхана – студенттер мен оқытушылар үшін тек ақпарат алу алаңы ғана емес, ой өрбітіп, ғылымға ден қоюға мүмкіндік беретін ерекше орта. Өңір басшысы студенттердің тұрғын-үй мәселесі жайлы сұрап білді. Сапар барысында Бөкетовтің жерленген жерін абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру, жыл бойы ғалымның мерейтойына арналған шаралар циклін ұйымдастыруда облыс әкімдігімен бірлескен жұмыс жүргізу мәселелері жайлы айтты. Қазіргі таңда Университет көшесінің жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бір жаңалық — Бөкетов сквері абаттандырылады. Сондай-ақ, облыс әкімі Бөкетов радиосы, оқу телевидениесі, электронды ресурстар залында болды. Филология факультетінің деканы Е.Түйте тарихы терең, шығармашыл жастардың басын қосқан «Балауса» клубымен таныстырып, облыс әкіміне қолдауы үшін алғысын білдірді.
Цифровой образовательный контент