4 желтоқсан қол күресінен тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында 65 кг салмақта Е.А
Бөкетов атындағы Қарағанды университеті философия және психология факультеті, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының "Мәдени-тынығу жұмысы" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Құрақбай Мирас ІІІ орынға ие болды. 2025 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтетін Әлем кубогына жолдама иеленді. Жаттықтырушысы халықаралық деңгейде спорт жаттықтырушысы түлегіміз Ахметов Алмас Абдіғазымұлы.