ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

"2024 жылғы 25-27 қарашада Қарағанды индустриалдық университеті хакатонды ресми ашып берді"

2024 жылғы 25-27 қарашада Қарағанды индустриалдық университеті базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасы бойынша «Qarmet» АҚ-мен бірлесіп «Шойын мен болатты домнадан тыс өндірудің сұйық фазалық процестері Қазақстан-2030 қара металлургиясын дамытудың перспективалық технологиясы ретінде» тақырыбында ғылыми-техникалық Хакатон өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өндірісті жаңғырту үшін ғылым мен ірі өнеркәсіптің өзара әрекеттестігінің маңыздылығына тоқталып, хакатонды ресми ашып берді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз ғылымның күш-қуатын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттаймыз. Олар тау-кен металлургия саласынан басталды, өйткені бұл экономиканың негізі. Біздің мақсатымыз - ғылыми ұжымдарды өнеркәсіптік кәсіпорындармен біріктіру және процестерді жақсартуға, тиімділікті арттыруға көмектесетін инновациялық шешімдерді табу. Атап айтқанда, «Qarmet» металлургиялық комбинаты ескірген технологиялық проблемаларды шешумен айналысып, ал ғалымдар нақты тұжырымдалған ғылыми-техникалық міндеттеді орындайтын болады, - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары Хакатон жұмысына белсенді қатысты. Бірінші күні «Qarmet» АҚ дамуының ағымдағы және перспективалық сын-қатерлерін талқылауға және ғылыми міндеттерді тұжырымдауға арналған екі дөңгелек үстел өтті.

Екінші күннің қорытындысы Хакатон бағыттары бойынша прототиптер мен жобалық шешімдердің тұсаукесері болды. 27 қараша күні қатысушыларға арнайы «Qarmet» АҚ цехында экскурсия ұйымдастырылды.