ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академиялық ұтқырлық


2021 жылдың 25 қазанынан бастап 2021 жылдың 20 қарашасына дейін г.ғ.к., Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (Ресей) доценті Псху Арсен Владимирович математика және ақпараттық технологиялар факультетінің білім алушыларына арналған дәрістер курсын оқиды.

Курстың қысқаша мазмұны - «Бөлшектеп есептеу негіздері» дәрістер курсы бөлшектеп интегралдау және дифференциалдаудың негізгі амалдармен танысуға мүмкіндік береді.

Курс аясында бөлшек ретті интегралдау мен дифференциалдауды анықтаудың әртүрлі әдістері қарастырылады, бөлшек реттің интегралдары мен туындыларының негізгі қасиеттері зерттеледі, модельді бөлшек ретті дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу әдістері көрсетіледі, сонымен қатар ілеспе арнайы функциялардың қасиеттері зерттеледі.

Қосымша ақпарат алу үшін факультет деканатына хабарласыңыз.