Тағылымдаманың аяқталуы барысында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 15 жас ғалымы Шэньян педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдаманы өткені туралы сертификаттарға ие болды. Сертификаттарды Шэньян педагогикалық университетінің басшылығы салтанатты түрде табыс етті.
Естеріңізге сала кетсек, 15 жас ғалым 2024 жылдың 8 мамыры мен 25 мамыры аралығында Шэньян педагогикалық университетінде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімі мен «Бір біріне 5 қадам » екі жақты ынтымақтастық бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.