ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы

2023 жылғы 22 желтоқсанда «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының жыл сайынғы нақтылануы бекітілді (2024 жыл) және «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректоры сайланды. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жасырын дауыс беруімен басқарманың жаңа мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор болып Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы сайланды. Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы, 19.06.1990 жылы туған. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімін «Білім берудегі көшбасшылық» білім беру бағдарламасы бойынша Манчестер университеті (Англия) базасында алды. Соңғы лауазымы — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.