ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Нежметтин Ербакан университетіндегі шетелдік ғылыми тағылымдама: тәжірибе және ынтымақтастық

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті философия және психология факультеті әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Сагадатова Айгерим Темирлановна, 7М01801-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Шыныбай Тлеужан 18.11-29.11.24 аралығында Неджметтин Эрбакан университеті Ахмет Келесоглу педагогика факультеті профессоры, доктор PhD, университеттегі студенттерді әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының басшысы Барбарос Сулейман Ялчын жетекшілігімен шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде.