ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Бастауыш мектепте оқыту. Обучение в начальной школе» журналының мерейтойлық шығарылымы

Республикалық «Бастауыш мектепте оқыту. Обучение в начальной школе» журналы 2007 жылдан бастап жарық көріп келеді және бастауыш білім беру саласындағы заман талабына сай жаңа міндеттерге жауап беруге бағытталған үздіксіз дамуда. Журналдың кезекті нөмірі толықтай «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 40 жылдық мерейтойына арналды. Бұл мерейтойлық басылымда оқытушылардың келесі тақырыптар бойынша мақалалары жарық көрді: «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының құрылуы мен даму тарихы; кафедраның ғылыми-зерттеу, әдістемелік және тәрбиелік қызметі; «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім алушылармен жұмыс; білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі қабілеттерін жүзеге асыру мәселелері; жоғары білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері; кафедра филиалы Қарағанды қаласындағы КММ «№66 мектеп-лицейінің» қызметі және т.б. Сондай-ақ, «7М01301, 8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар мен докторанттардың бастауыш білім беру мәселелеріне арналған теориялық және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. «Бастауыш мектепте оқыту. Обучение в начальной школе» журналының мерейтойлық нөмірін дайындауға атсалысқан рецензенттер мен редакциялық алқа мүшелеріне алғыс білдіреміз.