ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮН

13 қарашада биология-география факультеті биология ғылымдарының кандидаты, ботаника кафедрасының профессоры Погосян Гаянэ Павловнаның 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой иесін факультет деканы С.А. Талжанов, ботаника кафедрасының меңгерушісі С.У. Тілеуқанова және профессорлық-оқытушылық құрам құттықтады. Серікболат Алдоңғарұлы ғылым мен оқу үдерісіне елеулі үлес қосқан ғалымға алғыс айтып, Басқарма Төрағасы — ректор Нұрлан Дулатбековтің Құрмет грамотасын табыстады. Гаянэ Павловна факультетте «Биотехнология» мамандығының ашылуына бірден-бір ықпал еткен білікті маман. Мерейлі күні әріптестер жылы естеліктерімен бөлісіп, Гаянэ Павловнаға адал еңбегі мен қажырлы қызметі және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Мерейтой иесіне қазіргі таңда Ресей, Германия, Норвегия елдерінде биотехнология мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген шәкірттері құттықтау жолдады.