«Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы» журналының №3 нөмірінің қонақ редакторы Нанкин педагогикалық университетінің профессоры (Қытай), білім беру және шеттілдік даярлық саласындағы танымал ғалым, философия докторы (PhD), Британ компьютерлік қоғамының мүшесі Рустам Шадиев.
Рустам Шадиев – Scopus базасына кіретін жоғары рейтингті журналдардағы жүзден аса ғылыми мақалалардың авторы. Elsevier деректеріне сәйкес Рустам Шадиев 2020 және 2021 жылдардағы білім беру саласындағы ең танымал зерттеуші болып таңдалды. Автордың Хирш индексі-24.
Ғалымның ғылыми қызығушылығы – тілдерді оқыту мен оқытудағы озық техналогиялар, мәдениаралық білім беру мәселелері.