ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2025» XX Халықаралық ғылыми конференциясы

Ғылым күніне орай 2025 ж. 11 сәуірде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Философия және мәдениет теориясы» кафедрасының «Философия» ББ 3 курс 7 білім алушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» факултетінде «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2025» атты XX Халықаралық ғылыми конференциясында қатысты. Осы конференцияның «Қоғам және мәдениет: философиялық және мәдениеттанулық талдау» секциясында білім алушыларымыз өз баяндамаларымен жоғары белсенділіктерін көрсетті. Осы іс-шараның соңында «Философия» кафедрасының меңгерушісі Шакиров С.Е. пен кафедраның профессоры Медеуова К.А. студенттердің барлық жұмыстарының жоғары сапасын және баяндамашылардың сөздерінен алған жеке қанағатын атап өтті. Конференция нәтижесі бойынша біздің студенттер: І орын - Қанапина Арайлым «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасы» атты баяндамасымен (Ғылыми жетекшісі Сагатова А.С.); ІІ орын – Жаркенов Ұлан «Қазақ философиясындағы мақал-мәтелдердің орны» атты баяндамасымен (Ғылыми жетекшісі Уксукбаева М.Т.) жеңімпаздар болып анықталды.
Цифровой образовательный контент Цифровой образовательный контент