«В053-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында XVIІ Республикалық пәндік олимпиада
24-25 сәуір күндері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті химия факультетінде «В053-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында XVIІ Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Студенттер олимпиадасы – жоғары оқу орындары арасында білім мен ғылым саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған маңызды байқау. Талантты жастарды қолдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру және еліміздің білім деңгейін көтеру мақсатында өткізілген білім бәйгесіне Қазақстанның келесі жоғарғы оқу орындарының дарынды студенттері қатысты:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
- Торайғыров Университеті
- Шәкәрім Университеті
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Олимпиада барысында қатысушылар тек теориялық білімдерін ғана емес, өзара бәсекелестік пен ынтымақтастықты да көрсете білді. Әр студент – өз жоғары оқу орнының намысын қорғап, нағыз үздіктердің қатарынан табылуға тырысты. Біз олардың қажырлы еңбегінің, табандылығы мен ізденімпаздығының куәсі болдық.
Олимпиада қорытындысы бойынша командалық сайыста: - I орын: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Нуклеофильдер» командасы (Ержан Айзере Ержанқызы, Жиенходжа Саят Мадиярұлы, Макарова Дарья Андреева). Жетекшілері – Кутжанова Камшат Жамбыловна, Кенжетаева Сауле Орынбаевна;
- II орын: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Авантюрин» командасы (Аманова Эльнура Нұрсултанқызы, Әбиева Жаннұр Сәрсенхожақызы, Оразова Зарина Болатбековна). Жетекші – Бәкірова Ботагөз Санатқызы;
- III орын: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Ufirst» командасы (Масагутов Тамерлан Ертаевич, Бекетов Жұлдыз Тугелбайұлы, Джунусбеков Дінмұхамед Мухитұлы). Жетекшілері – Тоғжан Машан Тұрғалиқызы, Копишев Эльдар Ертаевич, Сейтенова Гайни Жумагалиевна.
Жеке сайыста: - I орын: Жиенходжа Саят Мадиярұлы (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті);
- II орын: Оразова Зарина Болатбековна (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Макарова Дарья Андреева (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті);
- III орын: Масагутов Тамерлан Ертаевич (ЕҰУ), Антоненко Владимир Владимирович (Торайғыров Университеті), Аманова Эльнура Нұрсултанқызы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Білім мен ғылым жолындағы талпыныстарыңыз ешқашан тоқтамасын! Сіздерге жаңа табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!