ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ӨНЕР – ҚАНАТ, БІЛІМ – САНАТ» атты XVI Республикалық пәндік олимпиада

2024 жылдың 28-29 наурыз күндері Қарағанды қаласында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 6В11102 – «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша «ӨНЕР – ҚАНАТ, БІЛІМ – САНАТ» атты XVI Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.

Олимпиаданың өтетін орны: академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті, №1 ғимарат (Студенттер сарайы), Университетская 28А. көшесі.

Республикалық пәндік олимпиада студенттердің білімімен кәсіби шеберлігін шыңдауда, талантты жастарды анықтауда және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруда, жоғары оқу орындарының 6В11102 – «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың білімімен шеберлігін шығармашылық үрдісте дамытып, болашақ мамандардың кәсіби құзырлығын байқау болып табылады.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне уақытында өтініш берген командалар олимпиадаға қатысуға жіберіледі. Әрбір оқу орны 1 командадан (15 адамнан көп емес) қатыса алады.

Пәндік олимпиадаға қатысушылардың өтініштері 2024 жылдың 18  наурызына дейін қабылданады.

Қатысушыларды тіркеу: 28 сәуір – 9:00-10:30сағ.

Олимпиада уақыты: 28 сәуір бірінші кезең 11:00-13:00сағ.

28 сәуір 14:00-16:00 сахналық сөйлеу бойынша шеберлік сабағы

29 сәуір екінші кезең 9:00-16:00сағ.

29 сәуір күні сағат 17:00сағ. олимпиаданың жабылу салтанаты.

Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Қатысу үшін өтінішті 18 наурызға дейін келесі форма арқылы жіберіңіз:


 XVI Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға

Өтініш

 

  1. Қатысушының аты-жөні____________________________
  2. Оқыту тілі, курс, мамандығы, шифр ______________________________
  3. ЖОО (толық атауы) ____________________________
  4. Мекен-жайы
  5. Қатысушының байланыс номері
  6. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жатақханасына орналасуға өтініш «жоқ» _______________________
  7. Келу уақыты ____________________________
  8. Кету уақыты ____________________________
  9. Топ жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, телефоны _________________

Өтініштер 2024 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей i.akhmet@inbox.ru көрсетілген электрондық мекенжайына тапсырылуы тиіс.

Байланыс телефоны: Ахметова Индира Абдигазымовна 8 (702)879-12-68 (whatsapp)