20.04.2023-21.04.2023 Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің Математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Кервенев Қабылғазы Ережепұлының жетекшілігімен Қаскелең қаласындағы С. Демирел атындағы университетте "В009 математика мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XV республикалық пәндік олимпиадада біздің факультет командасы жақсы жетістіктерге жете білді, студент Әбитаев Әділсамат жеке біріншілікте бірінші орынды иеленді. Осыған сәйкес бұл олимпиада келесі жылы біздің университетте өтеді.