Сіздерді Қарағанды университеті тарих факультетінің 85-жылдығына арналған 6В02204- Тарих білім бағдарламасы бойынша өтетін XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз. Олимпиада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қарағанды қ.) базасында 2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары білім беру ұйымдары студенттерінің академиялық немесе кәсіби мансабын жалғастыруға бағытталған оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды студенттерге қолдау көрсету.
Олимпиадаға 6В02204 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Жоғары оқу орны 6В02204-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1-4 курс (қазақ және орыс тілдерінде оқитын) студенттерінен құрылған команданы ұсынады. Команда құрамы 4 студенттен аспауы тиіс.
Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілдері
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі: Қатысушыларды тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, паспорт) бойынша қатаң түрде жүргізіледі.
Олимпиада бағдарламасы олимпиадаға тіркелу рәсімінен өткеннен кейін команда жетекшілерінің электрондық поштасына жіберіледі.
Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға тіркеу карточкасын (1-қосымша) электронды нұсқада толтырып, ЖОО басшылығы бекіткен ілеспе хаттың сканерленген көшірмесімен бірге, 2023 жылдың 27 наурызына дейін olimpiada_history2023@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Қосымша 1
Тіркеу карточкасы
1 |
Қатысушы команданың құрамы туралы қатынас хат |
|
2 |
ЖОО атауы (толық атауы), ұйымның мекенжайы |
|
3 |
Білім бағдарламасының шифры мен атауы |
|
4 |
Команда жетекшісінің аты-жөні, электронды поштасы мен байланыс номері |
|
5 |
Курстары көрсетілген студенттердің аты-жөндері |
|
6 |
Команданың қатысу тілін көрсету қажет |
|
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
100024, Қарағанды қ. Гоголь к-сі 38 (№4 оқу ғимараты) академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы, 220 каб.
№4 оқу ғимаратына №№ 7, 53, 65 автобустары және №№ 29, 30 маршруттық таксилермен жетуге болады.
«Хлебзавод» немесе Медицина университеті аялдамасы.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуге жауаптылар:
1. Абдрахманова Қымбат Казалиевна – тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Байланыс телефоны: +7 701 628 84 32.
2. Сақабай Толқынай Қуандыққызы – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Байланыс телефоны:+ 7 778 435 05 83.
Электрондық пошта: olimpiada_history2023@mail.ru