ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

6В01601 - Тарих білім бағдарламасы бойынша XV Республикалық пәндік студенттік олимпиада

Сіздерді 2023 жылғы 27-28 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қарағанды қ.) базасында өтетін 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ» газеті және ұлттық тарих» («Қазақ» газетінің 110-жылдығына орай) атты XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты – студент жастардың танымдық белсенділігін дамыту, білімдерін бәсекелестік ортада сынауға мүмкіндік беру, білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері қатысады.

Жоғары оқу орындары тарапынан 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1-4 курстарының (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын) 4 студенттен аспайтын командалары ұсынылады.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі:

Қатысушыларды тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, паспорт) бойынша қатаң түрде жүргізіледі.

Олимпиада бағдарламасы олимпиадаға тіркелу рәсімінен өткеннен кейін команда басшыларының электрондық поштасына жіберіледі.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға тіркеу карточкаларын (1-қосымша) электрондық нұсқада толтырып және жоғары оқу орнының басшылығы бекіткен ілеспе хаттың сканерленген көшірмесімен қоса, 2023 жылғы 27 наурызға дейін электрондық поштаға karu.olympiad2023@gmail.com жіберу қажет.

 

1-Қосымша

Тіркеу карточкасы

 

 

 

1

Қатысушы команда құрамы туралы қатынас-хат

 

 

2

ЖОО атауы (толық аталуы), ұйымның мекен-жайы

 

3

Білім беру бағдарламасының шифры және атауы

 

 

4

Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы, электронды пошта адресі және байланыс телефонының номері

 

5

Курсы көрсетілген студенттердің аты-жөні

 

6

Команданың сөйлеу тілі

 

 

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

100024, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (№4 корпус), Тарих факультеті, Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы, 220 кабинет.

№4 оқу корпусына дейін келесі маршруттық автобустармен жетуге болады: №№ 7, 53, 65. Маршруттық таксилер: №№ 29, 30 («Хлебзавод» аялдамасы).

 

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

1. Бөдеев Қанат Тұрұмұлы - PhD, профессордың ассистенті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі. Байланыс телефоны: +7 776 538 3078.

2. Тілегенова Лора Төлеутайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассистенті. Байланыс телефоны: +77771345755.

3. Қарсыбаева Жұлдыз Алпысқызы - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Байланыс телефоны: +7 7072466466.

 

Электронды пошта: karu.olympiad2023@gmail.com