Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді 2023 жылғы 24-25 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қарағанды қ.) базасында өтетін 6В01503-Физика, 6В01504-Физика-Информатика, 6В01502.1-Математика-Физика білім беру бағдарламасы бойынша XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
ЖОО олимпиадаға үш студенттен тұратын команда жібере алады. Команданы ЖОО-ның штаттық оқытушылары арасынан жетекші алып жүруі тиіс.
Олимпиада 2 кезеңде өтеді:
1 кезең: Теориялық тур (жалпы физика курсы бойынша тестілеу және есептерді шешу).
2 кезең: Эксперименттік тур.
Олимпиаданы өткізу тілдері – қазақша, орысша.
ЖОО-ның бірінші басшысы куәландырған олимпиадаға қатысуға өтінімдер және тіркеу карточкалары 2023 жылғы 17 сәуірге дейін e-mail-де қабылданады: qaragandy2023@mail.ru. Өтінім (қолы, мөрі және шығыс нөмірі бар) сканерленген түрде электрондық түрде жіберуге болады. Өтінімнің түпнұсқасы олимпиадаға келгеннен кейін көрсетілуі керек.
Тіркеу карточкалары көрсетілген электрондық мекенжайға ЖОО атауы.RTF форматында жіберіледі. Қатысушы сертификатын толтыру үшін студенттердің жеке куәліктерінің көшірмелерін жіберу қажет.
Олимпиадаға қатысуға байланысты шығындарды жіберуші тарап көтереді.
Физика пәнінен студенттер арасындағы республикалық пәндік олимпиада
қатысуға өтінім
24-25 сәуір 2023 жыл
_________________________________ студенттік олимпиадаға қатысу үшін
(ЖОО атауы)
құрамда топ жібереді:
1. _________________________, ____курс студенті;
(Аты-жөні)
2. _________________________, ____курс студенті;
(Аты-жөні)
3. _________________________, ____курс студенті;
(Аты-жөні)
Топ жетекшісі: __________________________________
(Аты-жөні, лауазымы)
Телефон:
Факс:
e-mail:
ЖОО басшысының қолы, мөрі (фирмалық бланкі).
Олимпиадаға қатысушы - команданың тіркеу карточкасы
1. ЖОО (толық атауы)
2. Топ жетекшісі мен қатысушыларының деректері:
Аты-жөні |
Курс |
|
Байланыс телефондары |
Аты-жөні, топ жектекшісі |
топ жектекшісінің лауазымы |
|
|
1 қатысушының аты-жөні |
курс |
|
|
2 қатысушының аты-жөні |
курс |
|
|
3 қатысушының аты-жөні |
курс |
|
|
Келген кезде:
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
100028, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28 (№2 ғимарат) Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Физика-техникалық факультеті, физика және нанотехнология кафедрасы, каб. 202.
№2 оқу ғимаратына маршруттық автобустармен жетуге болады:
№ 40, 146, 118. Маршруттық таксилер: № 02, 07 («Университет» аялдамасы).
Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:
1. Омарова Гульден Сериковна – PhD, қауымдастырылған профессор, физика және нанотехнология кафедрасының меңгерушісі. Байланыс телефоны: +7 701 442 5911.
2. Кудусов Арыстан Сатыбалдинович – ф.-м.ғ.к., физика және нанотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Байланыс телефоны: +7 707 305 0582.
Электрондық пошта: qaragandy2023@mail.ru
*келу уақыты (пойыздың №, вагон), Қарағандыда тұратын мекенжайы туралы ақпарат беру, сондай-ақ +7 707 305 05 82 нөмірі бойынша хабарламаны қайталап жіберу міндетті.