Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің "Сарыарқа ұландары" командасы 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша XV Республикалық студенттер олимпиадасына қатысып, 4 курс студенті Тельман Ұлықбек бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Ғылыми жетекшісі - PHD, аға оқытушы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы. Олимпиада өткізілу ережесіне сәйкес кезекті Олимпиада қара шаңырақ тарих факультетінде өтетінін де мақтанышпен айтамыз. Тарих факультетінің студенттері Республика деңгейінде өздерінің білімділіктерін дәлелдеп, әрдайым биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді!