ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2022 жыл 22 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінде Қазақстан республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында онлайн форматта XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша өткізілді.

Олимпиадаға тоғыз команда қатысты. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Балабекова Ляззат Ғинаятқызы, Нурланова Салтанат Серікқызы жетекшілігімен Қапкеш Нарғыз, Мекентай Дариға және Кеңес Гульбану студенттерінен құралған «Сенім» командасы екінші орынды иеленді. Олимпиада жүлдегерлерін және топ жетекшілерін құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!