ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» аты ХІV республикалық пәндік олимпиадасы

30-31 наурыз күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бас ғимаратында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» аты ХІV республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Өнерге, білім-ғылымға құштар білім алушылардың бәсекесін университет атына заты сай етіп ұйымдастырғанын айту керек. Басталуы да, ашылуы да, ерекше думанға толы болды. Республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанатына М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұлов қатысып, ерекше сәттің әсерін жастармен бірге бөлісті. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» республикалық пәндік олимпиадасы сахнадағы нағыз тайталас – өнер байқауының деңгейі жоғары екенін көрсеткендей. Студенттерді жан-жақты ізденуге жетелейтін олимпиаданы бір жағынан болашақ жас режиссерлардың дебюдтық спектакльдері деуге де болатындай. Республикалық пәндік олимпиадада Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жақсы нәтиже көрсетіп, көреременнің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша біздің университеттен қатысқан топ ІІ орын иеленді.

Сондай-ақ, Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті Философия және психология факультетінің екінші курс студенті Құлмұхаммет Серікғалыұлы «Ең үздік ер бейнесі» аталымын жеңіп алды.

Дүбірлі додаға қатысып бақ сынаған барша өнерлі жастардың жарқын болашағын қалыптастыруда көрсетілген қолдау үшін Талғат Ешенқұлов ЖОО-ның ректорларына және команда жетекшілеріне арнайы Алғыс хаттарын табыстады.

Үлкен додаға қатысып, жоғары жетістікке жеткен Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттерін және жетекшілері Бекарыс Жұмабекұлы мен Марғұлан Уәлиұлын құттықтаймыз!