2022 жылғы 7 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Дінтану» мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне алты команда қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды университеті, Х.А.Ясауи атындағы МКТУ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Қ.Жұбанов атындағы АРУ.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультеті, философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Байбосунов Досым Берикбаевичтің жетекшілігімен студенттер құрама командасының қатысушылары Ахметова Гүлжан, Төкен Жантөре және Маратбекова Айдана жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Р-31 тобының 3 курс студенті Маратбекова Айдана жекелей сайыста ІІІ орын алды.
Олимпиада жеңімпаздары мен топ жетекшісін құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!