Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Педагогика факультетінің студенттері Қарағанды қаласының "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының директоры М.А. Жетпісбаевамен кездесті. Мейрамгүл Асылбекқызы өзінің кәсіби қалыптасу үлгісінде заманауи жас маманға қойылатын талаптарды атап көрсетті. Кездесу барысында университетте оқу уақытында болашақ педагогтардың өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру мәселелері көтерілді, педагогикалық тәжірибені жинақтаудың тиімді жолдары белгіленді. Мейрамгүл Асылбекқызы болашақ педагогтар үшін оқу-әдістемелік іс-шаралар өткізу арқылы университетіміз бен "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының одан әрі ынтымақтастығын жоспарлау мүмкіндігіне баса назар аударды.