ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Постдокторанттармен кездесу

Педагогика факультетінің постдокторанттарымен сындарлы диалог өтті. Кездесудің тақырыбы 2025-2027 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың негізгі ережелерін қарастыру болды. Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары С.Б. Мукушева ғылымды дамытудың ұсынылатын басым бағыттарын, өтініш беруші-ұйымға және постдокторантқа қойылатын біліктілік талаптарын ашты. Талқылау барысында жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптарға және конкурсқа қатысуға өтінімнің мазмұнына ерекше назар аударылды. Нәтижесінде постдокторанттар өздерінің ғылыми дамуын перспективалық жоспарлау үшін ақпарат алды.