11 қарашада ректор Н.О. Дулатбеков IQAA президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің президенті Шолпан Мұртазқызы Қалановамен кездесті. Шолпан Мұртазқызы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын аккредиттеу жүйесінің қалыптасу кезеңдерімен жақын таныс. Оған оның үлкен жұмыс тәжірибесі, соның ішінде білім беру жүйесіндегі біліктілігі дәлел. 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында Шолпан Мұртазқызы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қызмет етті. Әңгімелесу барысында ректор республикадағы жетекші университеттің даму перспективалары мен химия-металлургия ғылымының негізгі тұлғасына айналған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры және негізін қалаушы, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 100 жылдығына орай жасалып жатқан дайындық туралы айтты. Аккредиттеу жүйесінің арқасында еліміздің оқу орындары білім сапасын қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көтерілді, бұл жасалып жатқан істің дұрыс жолға қойылғанын растайды.