Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихында ерекше күн. Бұл күні ересектерге арналған жаңа білім беру бағдарламасы яғни "Күміс университет" бағдарламасынның ашылу жиыны «Халықаралық қарттар» күнінде атап өтілді. "Күміс университет" бағдарламасынның ашылу жиынына кеңестің мүшелері, Басқарма мүшелері, факультет декандары арнайы шақырылды.
Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен университеттер ересектерге арналған бейресми білім беруді дамыту бойынша өңірлердегі олардың жетекші күштерінің бірі болып айқындалған.
Бұл біздің университетте "Күміс Университет" бағдарламасын құрудың маңыздылығын анықтайды!
Қосымша білім беру факультеті "Күміс университет" бағдарламасының 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Құжат Қарағанды университетінің Ғылыми кеңесінде 2023 жылғы 27 қыркүйекте бекітілді.
Тұжырымдама шеңберінде "Күміс университет" бағдарламасының қызметі туралы Ереже әзірленді.
Кеңес мүшелері Қарағанды облысында, Қазақстанда белсенді өмірлік ұстанымы, өмір бойы білім алуға ұмтылысы бар беделді азаматтарды мен "Күміс университет" бағдарламасын басқаруға Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің белгілі ұйымдастырушысы, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Букетова Нұрсұлу Ибраевна жиынның арнайы қонағы ретінде шақырылды.
1.Ержанов Арман Меирбекович– "Шеттілдер колледжінің" құрылтайшысы
2.Батырханова Сағат Сыдыққызы–Еңбекардагері
3.КамалиЖибек Камалиевна– "Персона" фитнес-клубының директоры
4.Назырова Ирина Нурмухамбетовна– Қарағанды қ. №95 мектеп-гимназияның директордың орынбасары
5.Оспанов Кабдыгали Нургалиевич– Еңбек ардагері
6.Панасиди Оксана Юрьевна–Отбасын қолдау орталығының басшысы
7.Санаубаев Серик Малибекович– Қарағанды облысы бойынша ҚБ "Азаматтық Альянс" төрағасының орынбасары
8.СыздыковаСайран Бегалиевна– "Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры" корпоративтік қорының атқарушы директоры
9.ТуяковГабит Шоринович– Қарағанды қ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы
10.Шиллер Марина Васильевна– "Synergylife" ЖШС директоры
"Күміс университеті" ересектерге арналған оқыту бағдарламасы Қарағанды университетіне университеттің үшінші – әлеуметтік – миссиясын табысты іске асыруға, өңірдегі адами әлеуетті дамытуда серіктес болуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.