2023 жылғы 25 мамырда Karaganda Buketov University қабырғасында заң факультеті мен ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Қарағанды облысы комитетінің Басқармасының ынтымақтастығы аясында болашақ түлектер мен студенттер басқарманың қызметкерлерімен кездесті. Іс-шарада спикерлер ретінде: ҚР Құқықтық статистика органдарының қалыптасу тарихы және прокуратура органдарына қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар туралы ақпарат берген кадр жұмысы жөніндегі аға прокурор М.К. Аманов; СДТБТ ақпараттық жүйелер, Е-қылмыстық іс, офлайн- СДТБТ, қылмыс картасы туралы қылмыстық салада құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің бастығы А.А. Хасанова баяндады; С.М. Әкпар болашақ заңгерлерді ӘҚББТ ақпараттық жүйесімен (әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі) және БҚТТ (бизнесті қорғау, тексерулерді тіркеу) ақпараттық жүйесімен таныстырды. Кездесу сындарлы диалог және өзара қызығушылық жағдайында өтті. Прокуратура қызметкерлері құқықтық ақпаратты өңдеу және талдау кезінде инновациялық әзірлемелерді көрсетті.