Жасұлан Жахин, Ерсін Боранқұлов, Ислам Сайлаубек, Диас Бакиев сынды еріктілерден құралған Қарағанды Бөкетов университетінің «Biz barmyz» ерікті студенттер командасы №3 автопарктің әйел бақылаушыларын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға Биология-география факультетінің термос-жылыжайында өсірілген қызғалдақтар мен тәтті сыйлықтарды табыс етті. Осы шуақты мереке қарсаңында сүйкімді ханымдарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілеген балалардың аузынан көптеген жылы сөздер айтылды. Өздеріңіз білетіндей, бақылаушылардың жұмысы оңай емес және ол мұқият болуды, стреске төзімділікті , шыдамдылық пен ізгіниеттілікті қажет етеді. Көбінесе бұл жандарға кез келген ауа-райында, жаңбыр мен қарда, сондай-ақ ыстықта жұмыс істеуге тура келеді. Әйел азаматшалар күтпеген тосын сыйға қуанышты болды. Олар балаларға алғыстарын білдіріп, оқуларына табыс тіледі, мұқтаж жандарға көмектесу, әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қолдау көрсету және ең алдымен еліміздің қоғамдық әл-ауқатын арттыруға ықпал ету үшін өз уақыттарын, күш-жігері мен дағдыларын құрбан етуге даяр екендіктеріне ризашылықтарын білдірді.