ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Мәдениет көшбасшыларын Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

2024 жылдың 30 қыркүйегінде Кеншілер мәдениет сарайында Мәдениет көшбасшыларын Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. 2024 жылдың жыл суретшісі ретінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қалмаханов Мадихан Сейтмаханович танылды. Дипломмен, және сыйлықпен марапатталды.