ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 2023 жылға жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған «Ғылымдағы жаңа есім» университетішілік конкурсы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 2023 жылға жас ғалымдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Ғылымдағы жаңа есім» университетішілік гранттар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

«Ғылымдағы жаңа есім» университетішілік гранттар конкурсы туралы ереже университет сайтында орналастырылған және электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша жіберілген.

Ережеге сәйкес ресімделген конкурстық өтінімдер жас ғалымдар кеңесіне 15.01.2023 ж. дейін (қоса алғанда) бас корпустың №233 кабинетіне электрондық (диск) және қағаз нұсқада беріледі.

Конкурсқа өтінімдерді жинауға жауапты қызметкер – Садықова Айнур.

PDF жүктеу