ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҮРІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ

Қарағанды Бөкетов университетіне Ататүрік университетінің делегациясы келді: Омер Чомакли – Ататүрік университетінің ректоры; Ташкин Озташ – халықаралық қатынастар жөніндегі кеңсенің үйлестірушісі; Пинар Учак – халықаралық қатынастар жөніндегі кеңсе үйлестірушісінің орынбасары.

Шетелден келген қонақтарды «Buketov University» Басқармасының мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор М.Ж. Сыздықов пен академиялық мәселелер бойынша проректор М.М. Умуркулова қарсы алды.

Сапардың мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды нығайту, ынтымақтастық перспективаларын талқылау және бірлескен жобаларды әзірлеу.

Сапар аясында делегация өкілдері Қарағанды университетінің проректорларымен және декандарымен кездесіп, бірлескен зерттеулер жүргізу және студенттер мен оқытушылармен алмасу жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттермен және оқытушылармен алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, халықаралық конференциялар мен семинарларды өткізуді көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл сапар екі ел арасындағы білім мен ғылымды дамытуға ықпал ететін ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің бастамасы болатынына сенеміз.