Кездесуге Басқарма мүшесі — стратегиялық даму жөніндегі проректор Ербол Сармурзин, Басқарма мүшесі — ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Еркеблан Тажбаев және Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Мадина Умуркулова қатысты.
Кездесуде ERASMUS+ жобаларында перспективаларды кеңейту бойынша маңызды мәселелер, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты күшейту жолдары талқыланды. Университет басшылығы Еуропалық университеттермен әріптестік байланыстарды нығайтуға, білім және ғылым саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен студенттердің біліктілігін арттыруға ерекше қызығушылық танытты.
Одан кейін ақпараттық сессия өткізілді, онда Лаура Палуанова ERASMUS+ бағдарламасының мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, білім беру сапасын арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық жобаларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Сессияға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, халықаралық бөлім және ПОҚ мамандары қатысты.
Соңында қонақ үшін физика-техникалық факультеті бойынша экскурсия ұйымдастырылды. «Implementing Dual System in Kazakhstan/Kazdual» жобасы нәтижесінде әзірленген ғылыми зертханалар көрсетілді. Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісімен кездесу академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті үшін маңызды сәт болды, бұл жоғары оқу орнының халықаралық ынтымақтастығы мен жобаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.