Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне Германиядан делегация келді. Делегация құрамында Берлин еркін университетінің Шығыс-Еуропалық кеңсесінің директоры Тобиас Стюдеманн мен университет өкілдері -- Роберт Киндлер, Теокарис Григориадис, Сюзан Стратлинг, Клеменс Гюнтер, Руслан Боххирия бар. Кездесуге тарих, экономика факультеттерінің, сондай-ақ шетел тілдер, философия және психология факультеттерінің оқытушылары қатысты. Іс-шара барысында Орталық Азия мен Қазақстан тарихы, әлемдік экономика, саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану бойынша түрлі ғылыми тақырыптар талқыланды. Берлин еркін университетінің Шығыс Еуропа кеңсесінің өкілдері Еуразия елдеріне зерттеу жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті және жақын арада ғылыми және академиялық саладағы ынтымақтастықты орналастыру жайында келісімге келді.