23 қаңтар мен 7 ақпан аралығында магистрлік даярлық шеңберінде педагогика факультетінің «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Дефектология» білім беру бағдарламаларының магистранттары М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында ғылыми онлайн-тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама соңында «Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында офлайн форматта дәрістер өткізілді. Лектор ретінде М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің https://bspu.by/ оқу ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Маковчик А.В. сөз сөйледі. Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша магистранттарға куәліктер табыс етілді.
Шетелдік лектордың келуіне байланысты ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысында университеттер арасындағы келісім-шарт шеңберінде ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мүмкіндіктері: бірлескен ҒЗЖ, білім алушылар мен ПОҚ арасында ғылыми тағылымдамалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуды жандандыру және т.б. талқыланды.
Сапар барысында А.В. Маковчик өзара тиімді әрі жемісті ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Е.М. Тажбаевпен және Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Т.З. Жүсіпбекпен кездесті.
Университет тарихы мұражайы мен университеттің Археология және этнография мұражайының қорлары, сондай-ақ қалалық бейнелеу өнері мұражайындағы «Бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы студенттерінің жұмыстарының көрмесі қонаққа ұмытылмас әсер қалдырды.