ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«BUKETOV UNIVERSITY» ТҮЛЕГІ ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ПАРИЖДЕГІ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Қарағанды Бөкетов университетінің түлегі, қазақстандық жеңіл атлет, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Сафронова (Блудова) Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болады.

Олимпиадаға Қазақстан атынан барлығы 80 спортшы қатысады. Ольга Сафронова Қарағандыда дүниеге келген. Ол өзінің спорттық мансабын ұзындыққа және биіктікке секіруден бастады. Өз күшін тосқауылдармен жүгіруде сынап көрді. Ақырында Юрий Иванович

Маштаковтың жетекшілігімен спринт спортына тоқталды. жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын түлегіміз жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміт білдіре отыра, жерлесімізге сәттілік тілейміз!