ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Sustainable Tourism Development» VІI қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы

2024 жылдың 10 желтоқсан аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Sustainable Tourism Development»Туризмнің тұрақты дамуы») атты VI қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырады.

 

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • «Жауапты туризм БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) императиві ретінде»;
  • «Тұрақты даму жағдайындағы қалалық туризм»;
  • «Тұрақты туризм саласындағы аймақтық саясат»;
  • «Тұрақты кәсіпкерлікті дамыту: аймақтағы бастамалар мен перспективалар»;
  • «Аймақтардағы тұрақты туризмді бағалау әдістері»;
  • «Тұрақты қалалық туризмді дамытудағы цифрлық технологиялар»;
  • «Дестинацияның тұрақты дамуындағы қауымдастықтың рөлі»;
  • «Шарап туризмінің тұрақты дамуының бизнес үлгісі»;
  • «Круиздерді ұйымдастыру және жоспарлау: тұрақты даму қағидаларын сақтау»;
  • «Тұрақты туризм саласындағы қазіргі зерттеу бағыттары: AI мүмкіндіктері»;
  • «Қонақ үй қалдықтарын басқару жүйелері»;
  • «Инклюзивтілікке бағытталған туристік маршруттарды дамыту»;
  • «ЮНЕСКО-ның мәдени мұра объектілерін сақтау тәжірибесі»;
  • «Тұрақты бағыттарды алға жылжыту үшін жасыл маркетинг құралдарын пайдалану: кейстік жағдайлар»;
  • «Туристік бағыттардағы отандық экобрендтерді дамыту және жылжыту».

 

«Mindmap» және «Ғылыми жұмыс» – өтініммен бірге бір хатпен 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru. Хат тақырыбында: «Өтінім_ЖОО атауы», файлдар: «Инфографика_ЖОО_команда», Конкурс_Ғылыми жұмыс_ЖОО атауы». Конкурстық құжаттарды rar/ .zip қалыпында жіберу керек.

 

I кезең «Mindmap» әр команда «Ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы» тақырыбына схема әзірлейді.

II кезең «Ғылыми жұмыс» – сараптамалық комиссиялар тобының жұмыстарды мультимедиялық презентация форматында қарауға ұсынуы. Презентация Конкурстың бағыттары бойынша жасалуы керек.

 

Ғылыми жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық конкурс туралы ережеде көрсетілген.

 

Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: tourism_competition@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).

 

Положение_7 МДК Sustainable Tourism Development