2023 жылғы 26-28 мамырда Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің химия факультетінің базасында "Теориялық және эксперименттік химия" VII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция дәстүрлі болып табылады және 2000 жылдан бастап 2-3 жылда бір рет өтеді. Биылғы жылы "Теориялық және эксперименттік химия" конференциясы химия факультетінің 50 жылдығына және бірінші декан, профессор Р.Г. Омарованың 100 жылдығына арналды.
Конференцияның негізгі мақсаты-теориялық және эксперименттік химия саласындағы соңғы ғылыми нәтижелер мен жаңа тәсілдермен кең халықаралық алмасу. Конференция жұмысына Қытай, Өзбекстан, Чехия, Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан ғалымдары мен мамандары қатысты. Өз баяндамаларын 50-ден астам ғылыми-зерттеу, оқу және өндірістік мекемелер мен кәсіпорындарынан келген 200-ден астам автор ұсынды.
Химия факультетінің 50 жылдығына және бірінші декан, профессор Р. Г. Омарованың 100 жылдығына арналған "Теориялық және эксперименттік химия" VII Халықаралық ғылыми конференциясы ғылыми химиялық қоғамдастық өміріндегі маңызды оқиға болды.