ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Sustainable Tourism Development» VІ қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы

2023 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Sustainable Tourism Development»Туризмнің тұрақты дамуы») атты VI қашықтықтан өтетін халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Жауапты туризм БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) императиві ретінде»;
  • «Тұрақты даму жағдайындағы қалалық туризм»;
  • «Тұрақты туризм саласындағы аймақтық туризм»;
  • «Ауылдық туризмді дамыту үшін дестинациялардың тұрақтылығын бағалау»;
  • «Тұрақты туристік өнімдерді әзірлеу және жобалау»;
  • «Тұрақты туризмді дамытудағы мәдени ландшафттар»;
  • «Дестинацияның тұрақты дамуындағы қауымдастықтың рөлі»;
  • «Шарап туризмінің тұрақты дамуының бизнес моделі»;
  • «Тұрақты туристік бағыттардағы спорттық туризмді дамытуды ынталандыру»;
  • «Эко-хостелдерді басқарудың инновациялық тұжырымдамалары»;
  • «Қонақ үй қалдықтарын басқару жүйелері»;
  • «Дестинацияны тұрақты басқарудағы инновацияның рөлі»;
  • «Эко қонақ үйлерді басқару тәжірибесі»;
  • «Тұрақты бағыттарды алға жылжыту үшін жасыл маркетинг құралдарын пайдалану»;
  • «Туристік бағыттағы экобрендтерді дамыту»;
  • «Мейрамхана бизнесі: жасыл жеткізу тізбегін басқару»;
  • «Жасыл мейрамханаларды басқару стандарттарын әзірлеу».

«Инфографика» және «Ғылыми жұмыс» – өтініммен бірге бір хатпен 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін Астана қ. уақытымен сағат 00:00-ге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіледі: tourism_competition@mail.ru. Хат тақырыбында: «Өтінім_ЖОО атауы», файлдар: «Инфографика_ЖОО_команда», Конкурс_Ғылыми жұмыс_ЖОО атауы». Конкурстық құжаттарды rar/ .zip қалыпында жіберу керек.

I тур «Инфографика». Әр топ «Тұрақты қонақжайлылық кәсіпорнын дамытудың бизнес үлгісі» тақырыбына инфографика әзірлейді.

II тур «Ғылыми жұмыс» – сараптамалық комиссиялар тобының жұмыстарды мультимедиялық презентация форматында қарауға ұсынуы. Презентация Конкурстың бағыттары бойынша жасалуы керек.

Ғылыми жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық конкурс туралы ережеде көрсетілген.

Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне келесі электронды мекенжай бойынша: tourism_competition@mail.ru немесе келесі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77770711671 (Торжанова Данагуль Асетовна).

PDF